Жолаушылар акт бойынша пойыздан түсіріліп, полиция бөлмесіне жеткізілді.
Пойызда ішімдік ішкен жолаушыларға айыппұл салынды
410
оқылды

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түркістан стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде құқық бұзушыларды анықтады.

- Көлік полицейлері тексеру барысында 40 және 43 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматтарының жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзғандығын анықтады.

Құқық бұзушы – жолаушылар акт бойынша пойыздан түсіріліп, полиция бөлмесіне жеткізілді. Олар алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 25 АЕК (92 300 теңге) айыппұл салынды, – делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД-нің қызметкерлері 77 834 азаматты түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 6151, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 646 тұлға және т.б.