Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Қар жауып, жел күшейеді: 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы
487
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, еліміздің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді.

Сонымен қатар алдағы тәулікте Қазақстанның шығыс және батыс облыстарының су объектілерінде мұз түзілу процесі жүріп, республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өзендерінде су деңгейі көтеріледі.