Тура он күн бұрын Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Нығметов мінген тікұшақ оқу-жаттығу кезінде Сарыжар ауылы маңында құлаған еді.
Ақтөбедегі тікұшақ апаты: екі ұшқыштың жағдайы қалай?
Фото: istockphoto.com
257
оқылды

Ақтөбеде тікұшақ апатынан аман қалған екі ұшқыш ауруханадан шықты. Енді әскерилер ем-домды үйінде жалғастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тура он күн бұрын Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Нығметов мінген тікұшақ оқу-жаттығу кезінде Сарыжар ауылы маңында құлаған еді. Әуе апатынан екі офицер жарақат алып, тағы бір ұшқыш Батыр Оразымбетов оқиға орнында көз жұмды. 

Кәсіби үш ұшқыш басқарған Ми-8-дің ақауы болған көрінеді. Мұндай болжамды Қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. 

Бір ажалдан аман қалған әскерилердің денсаулығында қазір еш кінәрат жоқ дейді дәрігерлер. Жақын күндері көкке көтеріліп тікұшақ басқара берсе болады деп отыр. 

«Диагонозы: қосалқы жарақат, ми шайқалған. Денесі соғылған. Күйік те бар. Жағдайы қанағаттанарлық болғаннан кейін алтыншы тәулікте ауруханадан шығарылды. Әрі қарай өзі амбулаториялық ем алады», - дейді Ақтөбе облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі Мақсат Оразжанов.

Ақтөбе облысында өртенген тікұшақтан зардап шеккендер Ақтөбедегі стационарға жеткізілген еді.

Қайғылы оқиғадан бір адам көз жұмған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.