«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының құрылғанына 1 жыл толды

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының құрылғанына – 1 жыл.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева  «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының құрылғанына 1 жыл толуына орай мүшелерін құттықтап, хат жолдады.

"AMANAT" партиясының Әйелдер қанатының құрылғанына  1 жыл. Осы уақыт аралығында Әйелдер қанаты әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуға, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды қолға алып, абыроймен жүзеге асырып келе жатыр. Бұл еліміздің дамуындағы аса маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.

Әйелдер қанатының белсенді жұмысының арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған әйелге қолдау көрсетілді. Олардың қажеттіліктері ескеріліп, мәселелері шешімін тауып келеді. Сондықтан баршаңыздың ел дамуы мен қоғам әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңіз өте зор деп білемін.

Алдағы уақытта да әйелдер қауымына қолдау көрсетіп, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал ету мақсатында бірлесіп қызмет ете береміз деп сенемін. 

Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін",   делінген құттықтау хатта.