Мәжілісте балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасын талқылау кезінде депутат Ерлан Саиров "көлдерді балық өсірушілерге конкурссыз беру сыбайлас жемқорлыққа алып келмей ме?" деп сұрады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестиция салған инвесторларға су айдынын конкурссыз беруді ұсынды
269
оқылды

Мәжілісте балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасын талқылау кезінде депутат Ерлан Саиров "көлдерді балық өсірушілерге конкурссыз беру сыбайлас жемқорлыққа алып келмей ме?" деп сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Заң жобасында жаңа өндірістік объектілер салуға инвестор 550 млн теңге берсе және сол өндірісті жаңғыртуға 370 млн теңге салса, сол инвесторларға балық шаруашылығы айдынын, яғни көлдерді конкурс өткізбей, тегін беру қарастырылған. Енді сол көлдерді конкурссыз тегін беру сыбайластыққа алып келмей ме? Ертең сол жерде конкурс өткізгендердің көкесі, құдасы жүрмей ме?»,  деп сұрады Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин су айдындарды конкурссыз беру саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ойластырылғанын айты.

«Су айдындарды конкурссыз беру саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ойластырылған. Қазір резервте арнайы тұрған айдындар бар. Ол – ірі және терең су аймақтары. Айталық, Каспий теңізінде, Бұқтырма су қоймасында осындай шаруашылықпен айналысуға болады. Бұл жерде айдындар конкурстан тыс берілетіндіктен, инвестициялық комиссия бекітетін болады. Оның құрамына уәкілетті органдардың, жергілікті әкімдіктердің, бассейндік инспекция өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық кәсіпорын өкілдері кіреді. Сондықтан бұл жерде шешімді бір адам қабылдамайды. Сыбайластық тәуекелін азайтуға мүмкіндік бар деп ойлаймыз»,  деді вице-министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.