Астанада 235 мыңнан астам субъекті жұмыс істейді.
Астанада кәсіпті дамыту мәселесі талқыланды
182
оқылды

Елордада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің шаһар кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Шараның мақсаты – бизнестің қазіргі жағдайын талқылау және елордалық кәсіпкерлердің көкейіндегі сұрақтарына жауап беру.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өз алғы сөзінде елорда экономикасының негізі ретінде қызмет атқаратын халықты жұмыспен қамтудың 70 пайызын қамтамасыз ететін және ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) 72 пайызын құрайтын шағын және орта бизнестің маңыздылығына тоқталды. Ол инвестиция көлемі 1,4 триллион теңгеге жеткен, оның 70 пайыздан астамы жеке қаражат есебінен келген қаланың инвестициялық тартымдылығының өскенін жеткізді.

Басымдықтардың қатарында әкім кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасауды, өндіріс пен экспорт көлемі бойынша көшбасшы №1 индустриалды паркті дамытуды, әлеуметтік кәсіпкерлерді гранттар мен жеңілдетілген бағдарламалар арқылы қолдауды, сондай-ақ қазақстандық әлеуметтік саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға арналған Social Innovation Hub бірегей жобасын іске қосуды ерекше атап өтті. 

Райымбек Баталов өз сөзінде елордада бизнестің өсу қарқынының оң динамикасына тоқталып, Астанада 235 мыңнан астам субъекті жұмыс істейтінін атап өтті. Ол қатысушыларды ШОБ дамытудың экожүйесі – қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларының кешенімен таныстырды. Атап айтқанда, Ұлттық палата субсидиялауды, несиелендіруді және бизнеске кепілдік беруді күшейтуді, сондай-ақ банктік институттар арқылы қаржыландырудың жаңа тетіктерін және оффтейк-келісімшарттарын жасауды ұсынады.

Бизнеске түсетін салмақты азайту мақсатында кәсіпкерлерді оқыту мен салық және әкімшілік мәселелер бойынша кеңес беру базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық өнімді ілгерілету мақсатында қаладағы «Бәйтерек» монументі мен EXPO халықаралық көрме орталығы сияқты туристік орындарда отандық тауар өндірушілердің көрме залдарын құру туралы ұсыныс маңызды қадам болды.

Сонымен қатар Райымбек Баталов шағын және ірі бизнесті байланыстыратын орта бизнестің маңыздылығына тоқталды. Оны қолдау мақсатында экспорттық нарықтарды бірлесіп дамыту, заманауи технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындарды біріктіретін кластерлерді дамыту шаралары ұсынылды.

Сонымен қатар Ұлттық палата басшысы бизнеске қызмет көрсету саласын кешенді және жүйелі түрде біріктіру қажеттігін жеткізді.

«Кәсіпкерлерге арналған электронды қызметтердің көптеген кабинеттері бизнеске қолайсыздықтар туғызады. Сондықтан барлық қажетті функциялар мен қызметтерді бір жерде біріктіретін egovbusiness.kz бірыңғай бизнес-порталын құру ұсынылады. Портал сонымен қатар деректерді бақылау және талдау мүмкіндігін қосады. Бұл аймақ пен сала бойынша экономикалық жағдайды тиімді бақылауға мүмкіндік береді», - деді Баталов.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин биылғы жылғы бизнесті қолдау бойынша елеулі жұмыстарға арнайы тоқталды.

Одан соң шараға қатысушылар сұрақ-жауапқа көшті. Қойылған сұрақтар негізінде өзекті мәселелерді шешуге және бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға бағытталған тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар дайындалды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдауға бағытталған жұмысын жалғастыра бермек. Астана әкімдігімен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта бизнес-процестердің тиімділігін арттыру және бизнес-климатты нығайту бойынша практикалық шаралар әзірленіп, жүзеге асырылатын болады.