Облыс орталығындағы қоймалардың бірінен полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі.
Қостанайда құны 50 миллион теңге контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолы кесілді
Фото: @POLICE_of_KZ
197
оқылды

Қостанайда полицейлер құны 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыс орталығындағы қоймалардың бірінен полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі. 

«Анықталғандай, қыркүйек айында жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіз адамдардан нарық бағасынан төмен бағада сатып алған. Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізіп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.