Премьер-Министр Олжас Бектенов алдағы Жұмысшы мамандықтар жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және ауылға қажетті мамандарды тартуға қуатты ынталандыру бола алатынын атап өтті.
Масылдық көңіл күйден арылу керек
205
оқылды

«Мемлекет басшысы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, масылдық көңіл күйден арылу керек екенін атап өтті. Біз нағыз еңбек адам­дарын, қарапайым жұмысшыларды, еңбек әулеттерінің өкілдерін, кәсіпорын­дардағы, бизнес пен мемлекеттік сек­тордағы тәжірибелі қызметкерлерді қол­дауға тиіспіз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жұмысшы мамандықтарды қолдау жұмыстары ақпараттық кеңістікте де жүргізіліп, барлық масс-медиа мен әлеу­меттік желілерде қозғалуы тиіс. Мәдениет және ақпарат министрлігіне, барлық мемлекеттік орган мен әкімдіктерге тап­сырма берілді.