Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр, қар түрінде жауады.
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 21 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
300
оқылды

Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр, қар түрінде жауады. Еліміздің солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейіп, солтүстік бөлігінде бұрқасын күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.