Күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Түркістан тұрғыны арыстанның күшігін базарда сатпақ болған
Фото: nia.eco
562
оқылды

Шымкенттегі базарда "тірі тауар" – арыстанның күшігін сатпақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел уәкіл қызметкерлері аңды Түркістан облысы тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан. 

– "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша полиция қылмыстық істі тіркеді", – делінген ақпаратта. 

Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.