Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен республикалық «Жас кітапханашы - 2024: Жаңа мүмкіндіктер уақыты 3.0» атты жас кітапханашылардың іскерлік кездесуінің екінші күні.
Жас кітапханашылардың жүздесуі
193
оқылды

Бұл күні жастар 4 топқа бөлініп, "Кітапхана NextGen: болашаққа қадам" іскерлік ойынына қатысты. Іскерлік ойынның басты мақсаты келген қатысушылардың қиялына ерік беру, “Болашақ кітапхананың” жаңа бейнесін, жаңа дизайнын, жаңа қызметтерін қалыптастыру. Ойынның басты мақсаты қиял-ғажайыпқа ерік беру болғандықтан  көбісі ғаламшармен, өзге галактикамен байланыс орнататын, порталдар ойластырған. Жас кітапханашылар тапсырманы үздік орындап, креативті ойларын ортаға салды.  Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға символдық сыйлықтар мен  дипломдар табысталды.

Іскерлік кездесу жастардың ой-пікірлерін тыңдау үшін ашық микрофон алаңына  ұласты.  Жас кітапханашылар айтулы шара тек кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, тәжірибе алмасуларына  тамаша мүмкіндік алаңы болғандығы жөнінде айтып өтті.

«Жас кітапханашы - 2024: Жаңа мүмкіндіктер уақыты 3.0» іскерлік кездесу қатысушылары кітапхана саласындағы жас мамандардың кәсіби дамуы мен өсудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ цифрландыру жағдайында кітапханаларды қайта құру мәселелерін талқылай отырып, іскерлік кездесудің революциясын қабылдады.

Кәсіби даярлықты жетілдіру; Кітапханалардың инновациялық дамуы; Жастар арасында оқуды ілгерілету; Аймақтық бастамаларды қолдау; Ынтымақтастықты дамыту және байланыстарды нығайту сынды тараулардан тұратын революция қорытындысында бұл шешімдерді жүзеге асыру жас кітапханашылардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға, мамандықтың мәртебесін арттыруға, перспективті жастарды тартуға және кітапханаларды заманауи ақпараттық кеңістікке айналдыруға маңызды қадам болатындығы айтылды.

 

Шара Мерей Ермұханның «Әлем және Қазақстан»: IQAS QUIZ-імен жалғасты. Іскерлік кездесуге келген әрбір қатысушыға арнайы сертификаттар табыс етілді.