Павлодар облысындағы Майқайың кентінде 13 және 15 жасар қарындасы мен ағасын зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, қамауға алынды.
Майқайыңда екі ер адам ұл мен қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді
632
оқылды

Майқайың кентінде 13 және 15 жастағы бір үйдің екі баласын зорлады деген күдікпен екі ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Баянауыл ауданында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді зорлау оқиғасы тіркелді. Майқайыңда тұратын бірі – 13, екіншісі 15 жастағы қарындасы мен ағасына қатысты педофилдік әрекет жасалған. Жыныстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша екі ер адам ұсталып, уақытша қамалды. Зардап шегушілерге барлық көмек, соның ішінде психологтар көмегі көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова.

Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Дюсекеновтың төрағалығымен Майқайын кентінде көшпелі жедел кеңес өткізілді.

«Оған облыс әкімінің орынбасары, Полиция департаменті басшысының орынбасары, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудан колледждері мен мектеп директорлары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың жұмысындағы жүйелі кемшіліктер анықталып, жекелеген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер басталды. Криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында полиция қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне нақты міндеттер қойылды. Оларды орындауға бүгіннен бастап кірісті», – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.