Жарылыс салдарынан қазандықтың шатыры 18 шаршы метр алаңда жарты бөлігі опырылды.
Абай облысында мектептің жылу қазандығы жарылып, бір адам зардап шекті
531
оқылды

Абай облысы Үржар ауылындағы мектеп аумағында жылу қазандығы жарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, 22 қараша күні Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, апатқа жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі себеп болған.

– Жарылыс салдарынан қазандықтың шатыры 18 шаршы метр алаңда жарты бөлігі опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 1970 жылғы жұмысшы 2-3-дәрежелі күйік алды. Зардап шеккен адам аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы тұрақты. 943 оқушы мен 117 мұғалімнің білім беру процесі тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектеп ғимаратына жылу беріліп жатыр, – делінген ақпаратта.

Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланып отыр.