Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросының отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Мәжіліс Су кодексінің жобасын қарайды
185
оқылды

Алдағы жалпы отырыста депутаттар Қазақстан Республикасы Су кодексінің жобасын және су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. 

Құжат Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес климаттың өзгеруі мен көршілес мемлекеттердің саясатын ескере отырып, су заңнамасын жетіл­діру мақсатымен әзірленген. Қолда­ныстағы кодекс 2003 жылы қабылдан­ып, негізінен суды пайдалануға ба­­­ғытталған болатын.

Кодекс жобасының негізгі ережелері еліміздің су әлеуетін сақтау және оны тиімді пайдалану үшін су ресурстарын қорғаудың басымдығын қамтамасыз етеді. Суды пайдалану лимиттерін анық­тау тетігі қайта қаралды. Ол эко­логиялық ағынды суды анықта­ғаннан кейін қалған судың көлемі шегінде есептелетін бол­ады. Сонымен бірге экономика сала­ларын қайта пай­да­ланатын және (неме­се) айналымды сумен жабдықтау бо­й­ын­ша жаңа норма, сондай-ақ балама су көздерін (қар суы, тасқын су, тазартыл­ған сарқынды су) жинақтау және пайда­лану саласында жаңашылдықтар енгі-зілуде.

Ілеспе заң жобасында 5 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар ен­гізіледі. 

Бұдан бөлек, депутаттар халық­аралық келісімдерді ратификациялауға қатысты бірқатар заң жобасын қарап, жұмысқа алады.