Белгілі блогер баланың есімі өміріне қаншалықты әсер ететінін айтты.
Балаға Көтібар деген есім қою керек: Блогер бұл сөзінің себебін түсіндірді
531
оқылды

Сонымен бірге Берекет Берсін өз есімін талдап берді, деп жазады Aikyn.kz 

"К*т деген - қазақтың сөзі. Жалпы к*т деген сөз мықты рух, дух деген мағына береді. Оны баяғыда қазақ «Көңілсіз төсектен, к*тсіз бала туады» деп айтып кеткен. Көтібар батырдың атын рухты болсын деп, әдейі қойған. Сол үшін баланың атын қоярда, мән беріп қою керек. Адамның аты қандай, өмірі де сондай болады.

Мысалы, менің атымды мен өмірге келмей тұрып, анам құрсақ көтермей тұрып, әжем анама «ертең ұл туасың, есімін Берекет қоясың, отбасыға берекет кіреді» деп айтып кеткен. Шүкір содан өмірім берекелі", - дейді блогер.

Сондықтан, ол балаға Берекет, Көтібар деген секілді өте әдемі есімдер қою қажеттігін алға тартады.

Алайда, оның бұл сөзін оқырмандары қолдай қоймаған.

"Көтібар Берекетұлын күтеміз онда, бұйыртса", "Әжең білді ме елдің алдында к*т-к*т деп отыратыныңды", "Өте қауіпті рилс екен қасыңда адамдар көп отырса", деген сыңайда пікір білдірген желі қолданушылары.