Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.
Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Рolisia.kz
282
оқылды

Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Aikyn.kz 

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және “Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл стансасында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.

Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, “ҚТ ҰК” АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.