Ақтау әуежайындағы оқиғадан кейін әуекомпаниясына айыппұл салынғаны белгілі болды.
Рейсті 15 сағат кешіктірген: Air Astana тағы айыппұл арқалады
705
оқылды

Air Astana тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Рейс 15 сағатқа кешіктіріліп, осы уақыт ішінде жолаушыларға қонақүй де, тамақ пен ана мен балаға арналған бөлме де, әуежайдан қалаға дейін көлік те берілмеген.

Жолаушылар Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасына өтініш жазған. Қадағалау органының актісі бойынша Air Astana әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 846 000 теңге айыппұл салынды.