Актердің айтуынша, рөлге кіргенмен қоса, психологиялық тұрғыдан одан шығу да оңай емес.
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Фото: instagram.com/shakentii
1,262
оқылды

Актер Шәріп Серік "1001 түн" бағдарламасында кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Актердің айтуынша, рөлге кіргенмен қоса, психологиялық тұрғыдан одан шығу да оңай емес. Ол "Қарға" сериалындағы кейіпкері өзіне қалай әсер еткенін айтты.

"Қарға" сериалы менің өмірімді өзгертті. Көп нәрсеге деген көзқарасым өзгерді. Менің кейіпкерімнің аты – Қанат. Оны анасы сәби кезінде сөмкеге салып, қоқысқа тастап жіберген. Кейін оны біреулер тауып, балалар үйіне өткізеді. Ол жерде оған бір қыздың өлімін мойнына іліп, 13 жыл түрмеде отырады. Жалпы айтқанда, 26 жыл бостандық көрмейді. Түрмеден шыққан соң ол бәрінен кек алады. Мен көп рөл сомдадым. Бірақ дәл осы жобадағы кейіпкерім ерекше болды. Осыған дейін ойнаған рөлдерімді ішімде сақтап жүремін. Қанша рөл ойнасам да, бәрін ашамын да, бірақ жаппайды екенмін. Қанша жерден образға кірсең де, одан шығу да қиын екен. Ол үшін психологиялық сессиялар да өткіздім. Сосын бір кісі маған жоба біткен соң қой союға кеңес берді. "Құрбан шалып, қан шығарып, кейіпкеріңді шығарып сал" деді. Істейтін болдым. Қой сойып, шығарып салдым. Көмектеседі екен, жеңілдеп қалдым", - деді Шәріп Серік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.