Аймақта жеке тұрғын үйден өрт шықты.
Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
304
оқылды

Қостанай облысында өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін Мендіқара ауданы Боровское ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

– Барлау барысында өрт сөндірушілер газ баллонын тауып алып, оны суытып, қауіпсіз жерге шығарды. Жарылыс қаупінің алды алынғаннан кейін, өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді, – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.