Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
721
оқылды

Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапқанын хабарлады, - деп жазады Aikyn.kz 

«Биылғы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.