Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 24 қарашада сағат 03:10 шамасында болған.
Павлодарда жол апатынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды, екі жеткіншек ауруханада жатыр
Фото: istockphoto.com
628
оқылды

Павлодарда жол апаты болып, 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Тағы екі жеткіншек ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 24 қарашада сағат 03:10 шамасында болған.

«Mercedes жүргізушісі Назарбаев даңғылымен жүріп келе жатып, жылдамдықты асырып, тайғанап кеткен. Содан бордюрге шығып кетіп, ақырында ағашқа соғылып тоқтаған. Жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, үш жолаушы да жасөспірім.

«19 жастағы жүргізушінің басқаруындағы көлікте үш кәмелетке толмаған бала болған. 16 жастағы бір жолаушы қайтыс болды. Екіншісі – 15 жаста, өте ауыр жағдайда, оған операция жасалды. Тағы бір 15 жастағы жолаушы мен жүргізуші жарақат алып ауруханаға жатқызылды», - деп түсіндірді Шакенева.

Уәкілдің айтуынша, жасөспірімдер көлікте ересектерсіз жүрген, мұның өзі өрескел бұзушылық.

«Бұл ЖКО үшін зардап шеккен балалардың ата-аналары жауапты. Кем дегенде, олар кәмелетке толмағандарды кешкі сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жерде ұстағаны үшін әкімшілік жазаға тартылады», - деп атап өтті Сәуле Шакенева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.