Қазір актердің екі ұлы бар.
Актер Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі болуды армандап жүргенін айтты
Фото: instagram.com/mahonti__/
2,412
оқылды

Актер Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі болуды армандап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қызым болғанын қалаймын. Достарым қыздың әкесі болу мүлде бөлек сезім екенін айтып жатады. Қызың дүниеге келгенде әйелдің жанын түсіне бастайсың дегенді айтады. Мен де соны сезініп көргім келеді. Махаббаттың денсаулығы жақсы болса, тағы 4-5 жылдан соң төртіншісіне тырысып көреміз. Сол уақытта да қыз бұйырмай жатса, сонымен тоқтайтын шығармыз, - деді ол.

Айта кетейік, қазір актердің екі ұлы бар. Жас отбасы үшінші сәбиін күтіп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.