Еліміз бойынша «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп, нәтижесінде мал иелеріне қайтарылған.
Жыл басынан бері мал ұрлығы 33 пайызға төмендеген
www.istockphoto.com
277
оқылды

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, үш күн ішінде мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 12 мың автокөлік, 3,5 мың сату орны, 8,5 мың ферма мен шаруа қожалықтары тексерілді. 121 мал ұрлығы ашылып, 137 күдікті, оның ішінде 19 қылмыстық топ ұсталды. 905 мал басы иелеріне қайтарылған.

– Мысалы, Ақмола облысында 46 жылқы ұрлаған екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Павлодар облысында қазан айынан бастап 25 жылқы ұрлаған алты адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Қылмыскерлер бірлесіп әрекет етіп, түнде малды 150-ден 300  шақырым  жерге дейін айдап әкетіп отырған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығы 33%-ға төмендеді. Ұрланған малдың жартысынан көбі иелеріне қайтарылды. Мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.