Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде ерекше мұрағаттық видеомен бөлісіп, елді таңғалдырды.
"Қалыңдық Party": құрбылары Айгүл Иманбаеваға тосынсый жасаған
736
оқылды

Әнші тұрмысқа шығар алдында құрбылары ұйымдастырған "Қалыңдық Party" шарасы қалай өткенін көрсетті. Бұл туралы Айгүл Иманбаева жақын құрбысы өзіне естен кетпес тосынсый ұйымдастырғанын айтты.

Оның "Hen party" шарасы Англияда ерекше локацияда өткен. Құрбысы бассейні бар үйді жалға алып, оны Иманбаеваның суреттері мен түрлі шарлармен безендірген. Шоу-бизнес жұлдызы Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялап, мұрағаттық видеоны бөлісті.

"Негізінде адал достардан жолым болған адаммын! Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан, көзқарасыңнан түсінетін дос – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым – Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім – бәрін айта берсем ұзақ болар! Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы, кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі-бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз. Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған тосынсыйы "Қалыңдық патиі". Гүлекем! Жаным сол, сізге алғысым шексіз", - деп жазды Иманбаева.