Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері бюджеттен 49 миллион теңге жымқырған
376
оқылды

Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.

«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есепшоттарына заңсыз ақшалар аударған. Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-нің 189-бабы  2 және 4-бөліктерімен ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды»,  делінген ақпаратта.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығынды өтеулеріне байланысты қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

«Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.