Тұман түседі: 26 қарашада ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

«Қазгидромет» 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті кей уақыттарда 30 м/с-ға дейін жетіп, одан да асады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады. 

Түнде Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.