Алматыдағы автобустардың бірінде ер адам мен әйел жанжалдасып қалған.
Автобуста ер адам телефонмен сөйлескен әйелді ұрып жіберді
www.istockphoto.com
2,301
оқылды

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті. Оқиға 126 автобуста, Төле би – Тұрғұт Өзал көшелерінің қиылысында болған.

Жолаушылардың бірі телефон арқылы қатты сөйлескенінен жанжал туған. Әуелі ер адам оған ескерту жасайды. Сөзін елемегеніне наразы болып, орнынан тұрады. Әйелдің сыртқы киімінен ұстап, оны автобустан шығаруға тырысады. Әйел болса оған қарсылық танытып, ер адамды итеріп жібереді. Сол кезде ер адам оны ұрып жібереді, – деді оқиға куәгері.

Оқиға кезінде жолаушылардың наразылығын тудырып, олардың бір бөлігі полицияға шағымданады.

– Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция бөлімі тексеру жүргізуде. Кінәліге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатыны сөзсіз. Жағдайлар анықталуда, – делінген Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.