Риддердің 33 жастағы тұрғыны балабақшада бухгалтер лауазымында жұмыс істеген. Ол тіркеу бойынша екінші қолтаңба мен толық материалдық жауапкершілікті беруге құқылы екенін пайдалана отырып, төлем шоттары мен балабақша табельдерінде және балабақшаның басқа да бухгалтерлік құжаттарын өздігінше қолданған. Яғни, ай сайын бюджет қаражатын үнемдеу арқылы өзінің карточкалық шотына бір жыл бойы ақшалай соманы аударып отырған. Сөйтіп, ол балабақшаға 9 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.
Сот оны кінәлі деп тауып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет етуге тыйым салынды.
Алайда сотталушының жүкті екені ескеріліп, жазасын өтеу кейінге қалдырылды. Соған қарамастан ол пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырып және пробация қызметіне тіркелу үшін келмей бірнеше рет құқық бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ кейінге қалдырудың барлық уақытында ол балабақшаға келтірілген материалдық залалды өтеу бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Сондықтан бас бостандығын шектеу мерзімі бес жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.
Қазір ол Абай облысының әйелдер колониясына түсті.