Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді.
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 27 қарашаға арналған ауа  райы болжамы
1,847
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 27 қарашада еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.