«Аталған су шаруашылығы жүйелеріне «Қандысу» су тоспасымен бірге 60 жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмей, шаруаларға айтарлықтай қиындық тудырып келген еді.
Шығыс Қазақстан облысында су нысандарын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр – AMANAT
507
оқылды

AMANAT партиясының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты 6 су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын реконструкциялау, 2 су торабы мен магистральдық каналды қайта жаңарту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, есептеу жұмысы басталды.

Яғни, алдағы уақытта Тарбағатай аудандағы Бегетай, Қазақбай, Қараша, Болат, Қаратоған және Бұрымбет каналдары мен Қандысу су торабы, Есенгелді магистральдық каналы қайта жаңғыртылмақ. 

«Аталған су шаруашылығы жүйелеріне «Қандысу» су тоспасымен бірге 60 жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмей, шаруаларға айтарлықтай қиындық тудырып келген еді. Яғни, тозған су тоспасы мен су жүйелері (каналдар) егіншілікпен айналысатын шаруаларға қол байлау болып, жалпы өнім көлеміне әсер етті.

«AMANAT» партиясының мүшесі, сала басшысы ретінде осы мәселені халықпен бірге көп жылдан бері көтеріп келеміз. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Еділ Жаңбыршин де бірнеше рет келіп, жағдайды өз көздерімен көрді», – деді Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «ҚазСуШар» Ақжар өндірістік учаскесінің басшысы Болат Нүрпейісов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.