Олар әйелді әбден шатастырып, қорқытқан. Сөйтіп, оған 500 мың теңге несие рәсімдеумен қатар, жинағындағы 300 мың теңгені аудартып алған.
Алаяқтар ақмолалық әйелге несие рәсімдетіп, жинақтағы ақшасын жымқырған
595
оқылды

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың кезекті құрбаны болды. "Қауіпсіздік қызметі" деген жалған жалауды көтеріп, әйелді алаяқтар 800 мың теңгеге тонап кеткен.

Полиция мәліметінше, алаяқтар әйелге телефон нөмірінің мерзімі бітті деген сылтаумен ауыстыруды ұсынған. Жәбірленуші еш күдіктенбестен SMS арқылы алған кодын айтқан. Алаяқтар мұнымен шектеліп қалмай, өздерін банк қауіпсіздігі қызметкерлері ретінде көрсетіп, қоңырау шалуды жалғастырған. 

Нәтижесінде, алаяқтар әйелді әбден шатастырып, қорқытқан. Сөйтіп, оған 500 мың теңге несие рәсімдеумен қатар, жинағындағы 300 мың теңгені аудартып алған.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс абоненттермен қарым-қатынас кезінде қырағылықтың маңыздылығын еске салады. Полицейлер SMS хабарламалардан және жеке мәліметтерден кодтарды үшінші тұлғаларға бермеуді, сондай-ақ бейтаныс адамдардан кез келген нұсқауларды орындау кезінде абай болуды сұрайды.