Жақсылық Омар бұл лауазымды қызметке 2018 жылдың тамыз айында тағайындалған еді.
Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетті
1,062
оқылды

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Жақсылық Омар бұл лауазымды қызметке 2018 жылдың тамыз айында тағайындалған еді.

– Құрметті өскемендіктер! Өкілеттік мерзімімнің аяқталуына байланысты қала әкімі қызметінен кететінімді хабарлаймын. Алты жылдан астам уақыт бойы сіз бен біз қаланың көркейіп, жайлы және әдемі болуы үшін бірге жұмыс істедік. Менің ойымша, көп нәрсеге қол жеткіздік, – деп жазды ол.