Бұл туралы актрисаның өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Тіл табыса алмадық: Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші күйеуімен ажырасты
asselsadvakassova
556
оқылды

Танымал әнші, актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әсел оқырмандары тарапынан күйеуімен ажырасып кеткені туралы айтылған болжамды растады.

"4 қазанда біз ресми түрде ажырастық", – деп жазды ол.

Актрисаның айтуына қарағанда, ажырасу туралы қадам екеуінің ортақ шешімі болған. 

"Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", – деді Әсел Сәдуақасова.