Екеуін де күйік шалған.
Алматы облысы: өртенген үйден анасы мен баласы құтқарылды
www.istockphoto.com
276
оқылды

Алматы облысында құтқарушылар отбасын өрттен эвакуациялады. ТЖМ мәліметінше, өрт Іле ауданының Байсерке ауылында болған. Барак үлгісіндегі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт шыққан. Бұған себеп – газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасының тарсылы өртке ұласқан.

Өрт сөндіру жұмыстары барысында 1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланды. Қазір олар ауруханаға жатқызылды, екеуін де күйік шалған. Үйден газ баллоны шығарылды, – делінген мәліметте.

Өрт есептоптарының қабылдаған шаралары арқасында өрттің көрші пәтерге таралуына жол берілмей, өрт жедел түрде сөндірілді.