Энергетика министрлігі елден мұнай өнімдерін шығаруды бақылауды күшейтуге бағытталған жобаны қолға алды.
Елімізде жанар-жағармайды экспорттауға тыйым салынуы мүмкін
www.istockphoto.com
1,018
оқылды

Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге ЕАЭО аумағынан тыс дизель отыны мен мұнай битумын экспорттауға тыйым салу ұсынылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тыйым келесі жағдайларға қолданылмайды:

өндіруші белгілеген тәртіпте көлік құралдарының бензин бактарында жанармай тасымалдау;

Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша, берілетін гуманитарлық көмек шеңберіндегі мұнай өнімдері.

Шектеулерді енгізу себептері:

АИ-92 бензині мен дизель отынына сұраныстың артуы. 2024 жылдың алғашқы 10 айында бензин көлемі 453 мың тоннадан 295 мың тоннаға, ал дизель отыны 554 мың тоннадан 279 мың тоннаға дейін азайған.

"Сұр" экспорт және жанар-жағармай материалдарының басқа тауарлар түрінде заңсыз тасымалдануы. Мұндай көлем ай сайын 10-45 мың тонна болады.

Жобаның қаулысы "Ашық НҚА" порталында 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін талқылауға ұсынылған.