Әкім бұл лауазымға былтыр желтоқсан айында ғана тағайындалған екен.
Павлодарда ауыл әкімі 15 тәулікке қамауға алынды
www.istockphoto.com
354
оқылды

Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Кaztag.kz-ке сілтеме жасап. 

Қалқаман ауылдық округінің әкімі – Тілеуғали Кендебай.  Ол бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.

Әдеп жөніндегі кеңес оны қызметінен босатуды ұсынып отыр.  31 жастағы әкім қызметтік автокөлікті мас күйде жүргізген. Оның ішімдік ішкенін медициналық сараптама растады.

Қазір Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.