Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.
Желтоқсан айының алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
Фото: tengrinews.kz
11,525
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 30 қараша – 2 желтоқсан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. 

30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп күтілуде.

Тек батыс өңірлерде жоғары атмосфералық қысымның аясында, жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ел аумағы бойынша тұман түсіп мен жел күшеймек. Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.