Әлемнің мықты палуандары Астанада бас қосуда

Бүгін Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде Wrestling Stars халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Әлемнің мықты палуандары кеше жарыс алдында бірнеше елдің күресшілерімен жүздесу бұйырып, брифинг өткен болатын.

Елорда төрінде белдесетін палуандар Wrestling Stars турнирі аясында өзара кіл мықтыны анықтайды. Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан күрес федерациясы және «AMANAT» партиясы қолдауымен өтетін додаға еркін күрестен әлем және Еуропа чемпионы, Рио Олимпиадасының жүлдегері италиялық Франк Чамисо, Қазақстанның намысын әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Қорлан Жақанша және еркін күрес шеберлері Илияс Ерболатов пен Азамат Дәулетбеков қатысады. Сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан елінің спортшылары да бақ сынамақ.

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатық дәстүрлі турнирдің ұйымдастырушысы – ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-министрі Дәурен Жабасов.

– Wrestling Stars турнирі биыл үшінші рет өтіп отыр. Десе де, Қазақстанда мұндай форматта бастағанымыз алғаш рет. Бір қарағанда, ММА-ге ұқсайды. Мысалы, мықты палуандар қарсыластарын өзі таңдап шақырады. Сондай форматта бір-бір белдесу жасайды. Белбеу үшін күреседі. Турнирге белді, мықты, яғни әлемдік деңгейде күресіп жүрген палуандар іріктелген. Аз болса да сапалы белдесулер бізді күтіп тұр. Келешекте сайыс жалғасын табады деп сенеміз. Себебі,  2025 жылы турирді жылына 2-3 рет өткізу ойда бар. Осы арқылы турнирді әлемдік деңгейге шығарғымыз келеді, – дейд ол.

Оның айтуынша, белдесу қызықты болсын деп әлемдік деңгейдегі палуандарды тартқан. Басты мақсат – күресті насихаттау, жастарды күреске шақыру.

Халықаралық күрес ережесі бойынша төрешілікке олимпиадалық дәрежесі бар төреші Игорь Лигай шақырылған. 

Жарыстың жүлде қоры І орынға 3 мың АҚШ доллары, ІІ орынға 2 мың АҚШ доллар, ІІІ орынға 1000 АҚШ доллар.