Тергеушілер жәбірленуші жақтан арыз түспегенін айтты.
Ақтөбеде қатарласы пышақтаған оқушыға ота жасалды
512
оқылды

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы 10-сынып оқушысын пышақпен жарақаттаған. Бұл туралы облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Нұржамал Төлеуова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған дерек бойынша полиция іс қозғады. Бірақ, тергеушілер жәбірленуші жақтан арыз түспегенін айтты.

Жарақат алған оқушыға ота жасалған, қазір жағдайы қалыпты.

Мектеп психологі оқушылармен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстар жүргізді.

– Мектепте бұзақылық жасаған 8-сынып оқушысының тәртібі бойынша ата-анасының қатысуымен профилактикалық кеңес отырысы өткізілді. Барлық жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – дейді Нұржамал Төлеуова.

Оқушының айтуынша, ол ағасынан сұрап алған пышақты жоғарыға лақтырып ойнап отырғанда абайсызда жәбірленушінің аяғына тигізіп алған.