Құтқарушылар төрт жасар балаға көмекке келді

Әжесі үйден аз ғана уақытқа кіреберіске шыққан кезде есік жабылып қалды.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт жасар баланы құтқару операциясын сәтті өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің алтыншы қабатында жабық пәтерде кішкентай бала қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Әжесі үйден аз ғана уақытқа кіреберіске шыққан кезде есік жабылып қалды. Құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Пәтерге кіру үшін өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланып, бөлмеге балкон арқылы кіріп пластикалық терезені арнайы құралы арқылы ашты. 

Бөлмелердің бірінде шынымен бала болған. «Қуанышымызға орай, төрт жасар бала медициналық көмекке мұқтаж болмады және аман-есен туыстарына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.