Ол журналист Данияр Есенге осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2021 жылы берген сұхбатында 2025 жылы жұқпалы аурулар тарайтынын айтқан.
2025 жылдан қорқамын: Көріпкел Бақыт Жұматова келесі жылы қандай оқиғалар болуы мүмкін екенін болжады
Видеодан алынған кадр
806
оқылды

Көріпкел, Ресейде өткен “Битва экстрасенсов” тележобасының қатысушысы Бақыт Жұматова бірнеше жыл бұрын алдағы 2025 жылға үрейлі болжам жасаған, деп жазады Aikyn.kz.

”Мен 2025 жылдан қорқамын. Шешек және оба аурулары болуы мүмкін. Мәйіттерді өртеп жатқанын көріп тұрмын, тіпті көруге қорқамын. Бірақ, әрине ары қарай да өмір бар. Адамзат өзгеріп, бір бірін сыйлау керек. Сосын маған қайта-қайта Балқаш қаласын көрсете береді. Балқаштың астында Меккеге жол бар. Судан да қорқамын. Су өте көп. 50 жылда әлемді топан су басуы мүмкін. ”, — дейді Бақыт Жұматова.

Бақыт Жұматова қабылдауына еліміздегі белгілі шенеуніктердің де жиі келетінін жасырмады.

”Маған шенеуніктер, атақты бизнесмендер, шоу-бизнес өкілдері, байдың әйелдері келеді. Бірақ, олардың есімдерін атай алмаймын. Қазақстанда менің қабылдауымда болмаған бірде-бір шенеунік, бірде-бір журналист пен әнші жоқ. Бәрі түрлі мәселемен келеді. Менің жасаған болжамдарым көбіне дұрыс келеді. Короновирусты да бір жыл бұрын дәл айттым”, — дейді ол.