Ақтауда көлікті ұтысқа ойнатқан азамат жауапқа тартылды

Оның лотерея ойнатуға лицензиясы болмаған.

Ақтауда лотерея ойнатқан жеке кәсіпкер сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ол 5 тамызда Instagram желісінде Toyota Land Cruiser Prado 120 автокөлігін ойнатқан. Осылайша Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігіне қайшы әрекетке жол берген", – деп жазды құзырлы органнан.

Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп тауып, 775 320 теңге айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.