Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарламалар мәтінімен таныстырды.
Қазақстандықтарға енді 112 арқылы діни экстремизм қаупі туралы SMS хабарлама жолданады
CNews.ru
261
оқылды

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында енді Қазақстан азаматтарына діни экстремизм қаупі және мұндай әрекеттер үшін тағайындалатын жаза туралы SMS хабарламалар жолданады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бірінші хабарлама:

Қазақстан Республикасының аумағында мәліметтер мен материалдар, сол сияқты өзге де өнімдер бар масс-медиа өнімдерін дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны үшін діни алауыздықты қоздыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Екінші хабарлама:

Тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Үшінші хабарлама:

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

SMS хабарламалар жылына бір мәрте жолданады.