Әлеуметтік желідегі Zhaloby.astana парақшасында елорда тұрғыны 15 жастағы ұлын белгісіз мас адамның қорқытқанын айтқан, деп жазады Aykin.kz.
Полицейлер осы оқиғаға байланысты тергеуді бастағанын мәлімдеді.
- Бұл адам алкогольге, мүмкін есірткіге мас күйде 15 жастағы балама әдепсіз сөздер айтып, оны өлтіремін деп қорқытқан. Содан кейін оны қылғындырмақ болып, лифттен шығармауға әрекет жасаған. Физикалық күш көрсетіп, қолын бұрап, саусағын қайырған, - делінген жазбада.
Баланың анасының айтуынша, мас адамды полицейлер ұстаған. Бірақ ол қарсылық көрсеткен.
- Бұл факті бойынша құқық бұзушы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, оқиға Астанадағы Сәтбаев көшесі, 31 үйде болған.
- Мен соңына дейін барамын. Әзірге оны 10 тәулікке қамады, – дейді жасөспірімнің анасы.