Үркерді газдандыру үшін барлығы 173 шақырым газ желісін салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың шамамен үштен бірі аяқталды.
Астанада тағы бір елді мекен газға қосылды
Фото: gov.kz
333
оқылды

Елордада тұрғын алаптарды жоспарлы газдандыру жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Үркер тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. 1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Үркер тұрғын алабындағы газды қосу жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды экологиялық таза және тиімді жылумен қамтамасыз етеді.

Алғашқы абоненттердің қатарында табиғи газдың ерекшелігін алғаш болып сезінген Ақтамберді жырау көшесінің тұрғындары бар.

«Біз газға қосылуды күтіп жүрдік, міне, бүгін табиғи газға көшкен алғашқы күніміз. Бұған дейін көмір қолданып жүрдік. Әр 6-12 сағат сайын пешті қадағалап, көмір салуға тура келетін. Сол сияқты үйді ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға да болмайтын. Енді бұл мәселе бізді алаңдатпайды. Үйде жылу батареялары өте жылы, ыстық су қалыпты режимде жұмыс істейді. Біз өте қуаныштымыз!» – дейді үй иесі Байғарым Хасенов.

Елді мекенді газдандыру процесі кезең-кезеңімен жүреді. Екі жыл ішінде Үркер елді мекенінің 5250 абонентіне табиғи газға қосылу мүмкіндігі жасалды, олардың арасында жеке үйлер мен тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бар.

«Үркердегі алғашқы абоненттердің қосылуы, шын мәнінде тарихи сәт. 2025-2026 жылдары газға осы жердегі барлық жеке үй мен тұрғын үй кешені қол жеткізе алады. Газдандыру үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ол экологиялық таза және адамдар үшін қолжетімді», – деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.

«Үркердегі газдандыру Мемлекет басшысының «Инвестиция орнына тариф» бастамасының арқасында қарқын алды. Біз барлық инженерлік желіні өз есебімізден салдық, ал шығындарды тарифтік жүйе бойынша қайтарамыз. Мұнда газ тарифі текше метр үшін 38 теңге екенін атап өткім келеді. Бұл – тұрғындар үшін қолжетімді баға», – деді «Qazaq zhylu» ЖШС директоры Жәнібек Мұхамбеталы.

Үркерді газдандыру үшін барлығы 173 шақырым газ желісін салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың шамамен үштен бірі аяқталды.

Бұл жоба Астана қаласының инфрақұрылымды жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Тұрғын алапта табиғи газды іске қосу Астана әкімдігінің, Энергетика министрлігінің, «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ мен «Qazaq Zhylu» ЖШС-нің көмегімен мүмкін болды.

Осыған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады: Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде) тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген екі газдандыру желісінің құрылысын аяқтаған болатын. Алматы ауданы (Теміржолшылар вокзалы, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» шағын аудандары) Есіл (Велла вилдж тұрғын үй кешені, Куршавель тұрғын үй кешені, Family Town, Family Park) және Нұра (Будапешт, Космик-Сити) тұрғын үй кешені.

«Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларына және «Үркер», «Пригородный», «Family village», «Өндіріс», «Кирпичный» елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы жүргізіліп, аяқталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.