Ол 750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта бағындырған.
Қазақ қызы ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып Антарктиданы жүзіп өтті
366
оқылды

Әнел Сытдықова тек еліміз бойынша емес, ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып Антарктиданың мұздай суы арқылы жүзіп өтті. Бұл туралы Sportministri жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол 750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта бағындырған. Судың температурасы -1,4 градусты көрсеткен.

Оның айтуынша, Антарктидада болған он күннің ішінде жүзу үшін қолайлы сәтті күткен. Оның үстіне кемеде басқа 150 жолаушы болғандықтан, корабль тәртібін де сақтау керек еді.

«Антарктиданың суларын жүзіп өттік. Мен үшін бұл өте салқын болды. Судың салқындығы -1,4 градус болса, желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырым еді. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек. Антарктида мұздай құшағын ашқан аз ғана адамның қатарында болу мен үшін ерекше оқиға болды», - дейді Ә.Сытдықова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.