Әсел Сәдуақасова көпшілікке ажырасып кеткенін айтқан соң, Мағжан Тлеуханов та үнсіз қалмады.
«Көзқарасымыз әртүрлі»: Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі актрисамен неге ажырасқанын айтты
Фото: Instagram/tleuhanov
4,154
оқылды

Актриса Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі, блогер, кәсіпкер Мағжан Тлеуханов желіде жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.   

Әсел Сәдуақасова көпшілікке ажырасып кеткенін айтқан соң, Мағжан Тлеуханов та үнсіз қалмады. Ол осы жылы басынан түрлі жағдай өткенін жасырмады. 

"Ішімде не болып жатқанын түсіндіріп, жазып жеткізе алмаймын. Осыны әлі күнге дейін үйренбеппін. Осы жыл өсу мен трансформация жылы болды. Бұл жыл мені үлкен шешім қабылдамауға, біреуді сынамауға және біреуге көреалмаушылық танытпауға үйретті. Біз 2 қыркүйек күні ажырасуға өтініш беріп, 4 қазан күні ресми екі жаққа кеттік. Жаз бойы ажырасуға өзімізді дайындадық. Биылғы жаз мезгілі мен үшін өте ауыр өтті. Ажырасу – өліммен тең. Ажырасқандар біздегі сезімді жақсы түсінеді. Біз ажырасуға онлайн өтініш бергенде “Бірге тұруымызға көзқарасымыз сәйкес келмейді” деген пунктті таңдадық. Бұл нақты біздің себебіміз еді. Мінезіміз бен көзқарасымыз әртүрлі болып шықты. Адамдар бір-бірімен бекер кездеспейді. Екеуміз өмірдің осы кезеңін бірге өткізуіміз керек болды. Ештеңеге өкінбеймін. Бұл жағдайға ешкім де кінәлі емес. Екеуміз де арқамыздан жүк түскендей болып, жанымызға бататын мұңнан арылдық", - деп жазды кәсіпкер. 

Мағжан Тлеуханов бұрынғы әйеліне алғыс айтуды ұмытпады. 

"Ұзақ болмаса да екеуміз бірге өткізген бақытты сәттер, керемет ортақ өмір үшін рақмет айтамын. Балиде өткізген төрт айымыз ұмытылмастай болды. Естен кетпес үйлену тойымыз, тоқтаусыз әңгімелеріміз, Стингтің концерті, Дубай мен Париж және тағы да басқа көптеген жақсы нәрселер үшін рақмет. Бәріне алғыс айтамын. Әселге бәрі үшін рақмет айтамын. Ол менің өмірімдегі ең маңызды адам болып қала береді. Сенімен болған әр сәтім үшін бақыттымын", - деп жазды блогер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.