Бастапқыда Шираз WBO белбеуі үшін айқасқысы келетіні белгілі болған, - деп жазады Aykin.kz.
"Ол аймақтық титул үшін жұдырықтасты, рейтингте жоғарылап, бірінші орынға көтеріліп, міндетті қарсылас дәрежесіне жетті. Осыдан кейін біз келіссөз бастадық, ал бірнеше күннен кейін Queensberry Promotions компаниясы бізге хат жіберіпті: Берілген мүмкіндік үшін рақмет, біз басқа жол таңдадық", - деп жазды жаңа президенттің сөзін Vesti.kz.
Чемпиондық комитетте дискрециондық өкілет бар, екі боксшының бірі титул үшін айқасудан бас тартса, комитет оны рейтингте төмендетеді немесе тіптен шығарып тастай алады.
"Сондықтан мен оны рейтингтен шығаратын болып шештім", - деп береді Оливьеридің сөзін SNAC.com.
Шираз Британиялық достастық пен Еуропа чемпионы (EBU), орта салмақта WBC Silver титулына ие екенін айта кетейік.