Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Aykin.kz.
1990 жылы туған Әзиза Қалиева ұлын кесарь тілігі арқылы босанды. 27 қараша күні өмірге келген нәрестенің салмағы – 4 900 грамм.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәби мен оның анасының жағдайы жақсы.
Шымкент перинаталды орталығында жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 707 нәресте және 96 егіз мерзімінен бұрын туған.