Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.
Тұман, жел, көктайғақ: 2 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
549
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, осыған байланысты солтүстікте қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.